Жер үйдегі өртте 85 жастағы әжей көз жұмды – Ақмола облысы
Ақмола облысында жер үйде өрт шығып, 85 жастағы әжей көз жұмды. Ал оның 57 жастағы ұлы ауруханаға жеткізілді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.01.2021
Құтқарушылардың үйдің ішінде қалған 1964 жылғы азаматты терезеден алып шықты. Түтінге тұншыққан оны өрт сөндірушілер жедел жәрдемге тапсырды. Сондай-ақ от тұтанған кезде үйде оның анасы да болған. Шалажансар әжейді де қою қара түтіннен алып шыққанмен, ол Нұр-Сұлтан қаласына апара жатқан жолда көз жұмған.
Өрт Ақмол ауылындағы төрт пәтерлі үйдің бірінде тұтанған. Көршілер терезеден будақтаған түтінді байқап қалып құтқару қызметін шақырыпты. Өрт болған үйдің коммуналдық қарызы қордаланып, суы да, жылуы да өшірілген. Сондықтан үй иелері қолдан жасалған электр құрылғысын қосып жылынған. «Өрт содан тұтануы мүмкін» - дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!