Анталияда тұрып жатқан қазақ қызы асылып өлген
Түркияда жеті ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қазақ қызы асылып қалған күйі табылды. Жерлесіміздің денесін тәртіп сақшылары орманнан тапқан.
Автор: Аруна Ортай
11.01.2021
21 жастағы Арайлым Орынбаеваға анасы былтыр мамырда іздеу салған. Қазақ отбасы Анталияда тұрып жатқан екен. Белгілі болғандай, жанұяда жанжал болған. Ұрыс-керістің соңы төбелеске ұласып, Арайлым үйден шығып кетіп қалыпты. Содан 7 айдан бері қыздан еш хабар-ошар болмаған. Енді 21 жастағы қыздың мәйіті орманнан табылып отыр. Сот сарапшылары өзі асылып қалған дейді. Дегенмен жас қыздың не себепті суицид жасағаны анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!