{metadescription}
Келесте өзгенің көлігін қасақана соққан қарияға іс қозғалды
Келесте өзгенің көлігін қасақана соққан қарияға іс қозғалды

Келесте өзгенің көлігін қасақана соққан қарияға іс қозғалды

Әлеуметтік желіні шулатқан қиқар шал айыппұл арқалап тынды. Түркістан облысы Келес ауданында көлігімен қарсы бағытқа шығып,  өзгенің машинасын қасақана соққан қарияға төрт баппен әкімшілік іс қозғалды. Зейнеткердің ерсі қылығы әлеуметтік желіге тараған соң әшкере болып, полицейлер тергеуді бастаған болатын.

Алайда кәсіпкер ақсақалға айыппұл төлеу аса қиын емес сияқты. Жолға таласқандардың жайын немен аяқталды?

Әлеуметтік желіні шулатқан видео Келес ауданының орталығы Абай ауылында болған. Өз жолымен кетіп бара жатқан «Приора» автокөлігінің жолын жол талғамайтын көлік кес-кестейді. Сөйтсе сүліктей қара «джип» қарсы бағытпен келе жатыр екен. Заң бұзса да «Шевроле» көлігіндегі ақсақалға алдынан шыққан жас жігіттің жол бермегені ұнамай қалыпты. «Кері шегінбеймін» деп қасарысқан қария көлігіңді жаншып өтем деп қырсықты.

Мен саған айттым, артыма қайтпаймын, балам. Машинаны ал дедім. Мен сондай жынды шалмын, түсіндің бе?

Машинаны неге соғып жатырсыз

- Машинаңның үстінен өтіп кетем қазір. 

- Шіли ондай емес шығарсыз енді?

Төлей салам. Жаңа машина әпере салам. Әпере салам.

- Сөйте салыңыз.   

Алдынан шыққанға ашуланған ақсақал сөзін расында ісімен дәлелдеді.

Өзін «тентек шалмын» деп таныстырған 64 жастағы Әлімқожа Ахраров деген азамат екен. Абай ауылында базары бар қалталы кәсіпкер деседі. Жәбірленуші Ербол есімді жігіт видеоны әлеуметтік желіге таратқан соң, Әлімқожа ақсақалдың ашуы бірден тарқады. Тіпті жәбірленушімен туыстығы бары анықталып, бір-бірінен кешірім сұрады.

Ағамызға айтып бар, көкеме. Сәлем айт. Ағамнан кешірім сұрадым, мен жол бермедім де. Ағам сіз үшін менен кешірім сұрады де. Жарай ма? Біз бір ағайындармыз бәріміз. Аман сау бол, балам. Амандықта жолығайық.

Алайда қалталы кәсіпкердің кеудемсоқтығын жәбірленуші кешіргенімен, полицейлер кешірген жоқ. Ақшасы көп ақсақалға әкімшілік кодекстің 4  бабымен іс қозғалды.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Оның ішінде жол ережесін өрескел бұзу және жол көлік оқиғасын жасағаны үшін. Жинақталған материалдар сотқа жолданады. Және де сот шешімімен егде жастағы «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі өз жүргізуші куәлігінен айрылу және айыппұл салынуы мүмкін.

Әзірге «Приора» көлігінің қанша жері бүлініп, шығыны қаншаға бағаланатыны беймәлім.  Ал тентек шал жүргізуші куәлігінен айрылатын болды демесеңіз, 100 мың теңгеге жетер жетпес айыппұлды төлеу  қалталы кәсіпкерге түк емес сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде