{metadescription}
Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар ауданы жарықсыз қалды
Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар ауданы жарықсыз қалды

Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар ауданы жарықсыз қалды

Атырау облысында магистралді электр желілерінде болған апат салдарын жою әлі жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайысыздығынан жоғарғы кернеулі желілер мен подстанцияларды қалың мұз басқан. Соның салдарынан олардың көбі істен шығып, Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар ауданы жарықсыз қалды.

Электр энергиясының жетіспеуінен Атырау мұнай өңдеу зауытында апат бола жаздады. Өндірістегі сорғыштар тоқтап, мұнайдан бөлініп шоғырланған газды өртеуге тура келген.

Ақтаулық зейнеткер Алла Ведерникова 50 жылдан бері осы үйде тұрады. Пәтерінде кеше түннен бері жарық жоқ. «Оны жөндеуге асыққан жан көрмедім» деп қынжылады. Кейуана тоңазытқышындағы бүлінгелі тұрған тамағын қайда сақтарын білмей дал. Жалпы Ақтауда 100-ге жуық нысанда жарық жоқ. Олардың арасында тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары бар.

Алевтина Ведерникова  Ақтау қаласының тұрғыны:

Кеше 19:45-те жарық берді. Мен тек шай ішіп үлгердім. 20:00-де тағы өшіріп тастады. Кейін жарықты 22:00-де берді. 00:30-дейін теледидар көрдім. Сосын немереммен компьютерде отырдым. Сағат бір жарымда ұйықтадым. Ол кезеде жарық болған. Таңертең тұрсам тағы да жоқ. Мән-жайды сұрап едім, «Атыраудағы электр станциясынындағы ақаудан» деді. 

Ал электр желілеріндегі ақауға Елтай подстанциясындаға апатты жағдай себеп. Қар аралас жаңбырдан подстанцияны мұз басып электр желілерін тарату мүмкін болмаған. Оның үстіне Қарабатандағы электр станциясында 2 турбина істен шығыпты. Соның салдарынан Атырау қаласындағы көптеген ықшам аудандарға жарық жетпей қалды. Алыстағы аудандарда да электр қуаты жиі сөніп жатыр.

Константин Чернохаев, «KEGOK» АҚ Батыс жүйеаралық желілері филиалының директоры:

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты тек «Кегок» емес, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының энергиятасымалдаушыларында  апатты жағдай болып жатыр. Қазір 120 мегаватт энергия тапшы. Апатқа қарсы автоматика жүйсенің арқасында Маңғыстау және Атырау облыстарындағы көптеген апаттың алдын алып отырмыз. Қазір ақау шыққан барлық подстанцияларда жедел топ жұмыс істеп жатыр.    

Елде электр желілерін тасымалдайтын «Кегок» компаниясындағы апат кеше кешке болды.  Атырау мен Ақтау қалаларында бірден 30-ға тарта шағын аудан жарықсыз қалған. Тіпті оның залалы Атырау мұнай өңдеу зауытына да тиді.  Жарықтың сөнуінен сорғыштар тоқтап, жүйеге жиналған газды өртеуге тура келген.

Атырау мен Ақтауға әлі де электр қуаты жетпей жатыр. Сондықтан энергетиктер баспаналарға жарықты әзірге кестемен, кезекпен беруде. Жөндеумен алысқан энергетиктер мұны тек ауа райынан ғана көріп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде