{metadescription}
Садыр Жапаров: Мемлекетті тонағандар байып, қарапайым жұрт қиналып отыр
Садыр Жапаров: Мемлекетті тонағандар байып, қарапайым жұрт қиналып отыр

Садыр Жапаров: Мемлекетті тонағандар байып, қарапайым жұрт қиналып отыр

Қырғызстанда кезектен тыс Президент сайлауында жеңіске жеткен Садыр Жапаров халық алдына шығып сөз сөйледі. Бішкектегі Ала-Тоо алаңында түстен кейін басталған мерекелік шараға мыңдаған адам жиналды. Елдегі ең ірі саяси додада бағы жанған үміткер сайлаушылардың сенімін ақтайтынын айтып халықты бірлікке үндеді. 

Садыр Жапаров:

Мемлекетті тонағандар, ұрылар ғана байып, қарапайым жұрт қиыншылықты бастан кешіруде. Осындай ауыр жағдайда өлке тағдырын өз қолыма алғалы тұрмын. Мен сол ауыр міндеттің, ауыр жүктің салмағын сезіп, мекеніміздің алдында адал қызмет етуге бар күшімді жұмсаймын.

Ала-Тоо алаңына келген Садыр Жапаровтың жақтастары оған әр сәт сайын қолдау білдіріп отырды. Қырғызстанды қиын кезеңнен алып шығуа сендірген 52 жастағы саясаткер сөз арасында қарсыластарына да ризалық білдіріп, бірігіп жұмыс істеуге әзірміз деді.

Кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша Садыр Жапаров 80 пайыздан астам дауыс иеленген. Бұл көрсеткіштер  сайлау жәшігіндегі автоматтандырылған санағыш құрал арқылы жасалған еді. Қазір дауысты қолма-қол саналып жатыр. Орталық сайлау комиссиясындағылардың айтуынша, 17 үміткер қатысқан сайлаудың ақырғы қорытындысы 20 күннің ішінде шығады.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Садыр Жапаровты құттықтап, елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Бауырлас елдің ниетіне алғысын жеткізген Жапаров Президент есебіндегі алғашқы сапарын  Қазақстаннан бастайтынын жеткізді. Бұдан басқа қырғыз халқы бір күнде екі бірдей саяси оқиғаны бастан кешірген болатын. Мемлекеттік басқару жүйесін айқындайтын референдумға қатысқан айыр қалпақты ағайынның 80 пайызы президенттік басқару формасын таңдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде