{metadescription}
Сайлау бөлімшелері жаппай залалсыздандырылып жатыр 
Сайлау бөлімшелері жаппай залалсыздандырылып жатыр 

Сайлау бөлімшелері жаппай залалсыздандырылып жатыр 

Сайлау учаскелеріндегі қарбалас аяқталғанымен, ұстаздар мен еден жуушыларға жұмыс енді басталды. Таңнан бастап сайлау бөлімшелері орналасқан мектептер дезинфекцияланып жатыр. Өйткені қысқы каникул аяқталып, оқушылардың  тең жартысы 3-ші тоқсанды мектепте бастауы керек.

Бірақ кей өңірлерде оқушылар сабақты кеш  бастайды. Өйткені Көкшетау, Тараз, Ақтөбе қалаларында таңмен таласа тұрған  мұғалімдер мен еден жуушылар ғимаратты тазартып, арнайы ерітіндімен залалсыздандырып жатыр. 

Кешегі саяси додада Ақмола облысында 722 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олардың барлығы мектептерде орналасты. Бүгін   балалар мектеп  партасына отыруға тиіс ғимаратқа мыңдаған адам кіріп шықты. Енді  сайлаушылардың артынан жуып,тазарту қарапайым мұғалім мен еден жуушылардың еншісінде.

1600 оқушысы бар Көкшетаудағы  «Экос»  экологиялық гимназия-мектебінде екі сайлау учаскесі жұмыс істеді. Карантин кезінде дауыс беруге мұнда 2 мыңға жуық сайлаушы келген. Енді саяси науқаннан кейін мектепті оқу процесіне әзірлеу керек. Құрылған арнайы кабиналарды бұзып, үстел, орындықтарды сүртіп орнына апарудан басқа ғимарат ішін дезинфекциялау да мұндағы мұғалімдер мен еден жуушыларға жүктелген. Өйткені ертеңнен бастап мектепке оқушылар келіп оқиды.

Жанар Рақымбекова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Оқушыларды  мектепке қабылдау үшін бәріміз жұмылып жинауға кірістік. Оның үстіне оқушылар қашықтан оқып жатыр. Негізінен 45 еден жуушы мен шаруашылық қызметкерлері арнайы ерітінді қосып залалсыздандыру үшін есік, терезелерді, еденді жууға кірісті.

Көкшетаудағы мектептерді дезинфекциялауға тіпті санитар дәрігерлер де шықты. Олар сайлау учаскесі орналасқан мектептерді аралап залалсыздандыру жұмысын жүргізіп жатыр.

Тараздағы мектептер де сайлаудан кейін жаппай дезинфекцияланып жатыр. Еден жуудан басқа  дауыс беру кабиналары да арнайы сұйықтықпен сүртіліп қорапқа салынды. Сөйтіп келесі сайлауға дейін қоймада сақталады.

Жанат Жексенбиева, Тараз қалалық №1 көпсалалы гимназиясының мұғалімі:

- Ертеңнен бастап кабинеттерде оқу жалғасады. Ал бүгін дезинфекция жүргізіліп жатыр. Оқу процесі еш бұзылған жоқ.Мектепте бақа есіктер бар, сол арқылы оқушылар карантин нормаларын бұзбай кіре алады.

Гүлнәз Сүлейменова, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 263 мектепте бүгінгі таңда кеше сайлау біткеннен кейін барлық дезинфекция жүргізіліп жатыр. Пандемия кезіндегі қашықтан оқу процессі балалардың оқу бағдарламасын үзіліссіз оқу процесінің басталуына үлкен септігін тигізіп тұр.

Ақтөбе облысында да  учаскелер орналасқан  400-ден аса мектепте сайлаудан соң түнімен залалсыздандырылды. Түстен кейін оқубасталады. Түске дейін оқушылардың тең жартысы  қашықтан оқып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде