{metadescription}
Алматыда жоғарғы сынып оқушылары аралас оқу форматына ауысады
Алматыда жоғарғы сынып оқушылары аралас оқу форматына ауысады

Алматыда жоғарғы сынып оқушылары аралас оқу форматына ауысады

Алматыда 9 және 11 сынып оқушылары да мектепке бара алады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігіндегілер хабарлады. Үшінші тоқсанда сабақтың қалай өтетінін айтқан олар 1-ден 5-ке дейінгі кезекші сынып сол күйінде қалады деп отыр. Ал жоғарғы сынып оқушылары аралас оқу форматына ауысады. 

Түлектер 15 оқушыдан отырады – 70 пайызы санитарлық талаппен оқуын мектепте өткізсе, 30 пайызы қашықтан оқытылады. Бұл балалардың ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихандарға дайындалуына қажет дейді білім басқармасындағылар. Дәстүрлі оқуға жоғарғы сынып ұл-қыздарының ата-аналарынан көптеген өтініш келіп түсіпті. Осыған орай қалада жалпы 184 мектеп қызметіне кірісуге дайын.

Бүгін Парламент сайлауынан соң білім ошақтары залалсыздандырылып жатыр. Жұмыс толық біткенде ғана сабақ бастауға рұқсат берілетінін айтады.

Ләззәт Жылқыбаева, Алматы қалалық білім басқармасының басшысы:

- Дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастырған кезде, келесі шаралар сақталады. Сыныптағы оқушылардың саны санитарлық ережелер мен нормалардың стандарттарына сәйкес 15 баладан аспайды. Басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақтың икемді кестесі құрылады. Әлеуметтік дистанцияның ауысымдары мен алмастырулар арттырылады. Өзара байланыс азайтылады. Кабинет жүйесі алып тасталады. Ауысымға бір сынып, бір кабинет жүйесі қалыптасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.