{metadescription}
ШҚО: Сайлаудың басы-қасында жүргендер карантинде болады
ШҚО: Сайлаудың басы-қасында жүргендер карантинде болады

ШҚО: Сайлаудың басы-қасында жүргендер карантинде болады

Шығыс Қазақстан облысында сайлау кезінде жұмыс істеген комиссия мүшелері жаппай карантинге жабылды. Олар 72 сағат үйінен ешқайда шықпауы тиіс.

Бүгін өңірдің бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы осындай қаулы шығарды. Себебі сайлау кезінде комиссия мүшелері халықпен тығыз қарым-қатынаста болғаны белгілі. Сондықтан олардың  коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары болғандықтан үш тәуілікке оқшауланды. Сайлаудың басы-қасында жүргендер үй карантинінде болады. Ал 72 сағат өткеннен кейін бұрынғы жұмысына кірісу үшін коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсыруға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде