{metadescription}
«Таза сайлау»: Сайлауда қитұрқы әрекеттерге жол берген...
«Таза сайлау»: Сайлауда қитұрқы әрекеттерге жол берген...

«Таза сайлау»: Сайлауда қитұрқы әрекеттерге жол берген...

Сайлауды бақылаған отандық ұйым біраз заң бұзушылық дерегін анықтапты. «Таза сайлау» ұйымының 5 мың белсендісі саяси науқанда бақылаушы болып, 500 заң бұзу дерегін анықтаған. Белсенділер қажетті материалдарды құқық қорғау органдарына жолдағанын жеткізді. 

Ұйым мүшелері cаяси науқанда 3138 сайлау учаскесін бақылапты. «Таза сайлау» өкілдері елімізде жұмыс істеген 10 мың сайлау учаскесінің тек 31%-ын қамтыған. Заң бұзушылықтар арасында өзгенің атынан дауыс беру, қайта дауыс беру, бір кабинаға екі адамның кіруі, дауысты дұрыс санамау және санитарлық талаптарды орындамау сынды деректер бар. Жалпы тіркелген деректердің 16 пайызы – бұрмалаушылық. Ұйымның мәліметінше, Парламент сайлауында қитұрқы әрекеттерге жол бергендердің көшін Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент бастап тұр.

Ерқанат Көпжасар, Taza sailau ұйымының мүшесі:

- Тәуелсіз бақылаушылар ПТР-тестін тегін өтті. Сол сынамаларға мөр қойылған, бірақ қол қойылмаған. Білмеймін, әдейі істелді ме, әйтеуір көп бақылаушыларымыз кіре алмай қалды. Елдегі 38 бақылаушымыз кіре алмай қалды. Біз өзіміз алған учаскелерді бастан-аяқ қамтуға тырыстық. Санаудың бәріне біздікілер қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.