{metadescription}
Владимир Божко: Кеттім, енді немен айналысатынымды әзір білмеймін
Владимир Божко: Кеттім, енді немен айналысатынымды әзір білмеймін

Владимир Божко: Кеттім, енді немен айналысатынымды әзір білмеймін

Қазақстан халқы ассамблеясының Мәжілістегі 9 депутатынан тек біреуі ғана орнында қалды. Қалған сегізі жаңа сайланып отыр. Бүгін этностар ұйымы бүкіл өңірдегі делегаттарын жинап, Төменгі палатаға өкілдерін сайлады. Сайлауға дайындық та, оны өткізу барысы да карантиндік талаптардан аспай, тәртіппен өтті.

Тіпті дауыс беруге келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомар Тоқаев та санитарлық сақтықты ұмытқан жоқ. Олардан бөлек белді саяси тұлғалар да Ассамблея мүшесі ретінде сол жерден табылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлауы да заңнан аттап кетпей, барлығы ережеге сай өтті. Алдымен учаске өкілдері сайлау жәшігінің қақпағын қалай бекіткеніне дейін байқаушылардың назарына тәптіштеп көрсетті. Сайлау барысы да карантиндік талапты қатаң ұстады. Араларын бір жарым метр алшақ ұстап кеп дауыс беріп жатыр.

Мемлекеттің басты тұлғалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бүгін Ассамблея мүшесі ретінде саяси белсенділігін танытты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті: 

Бүгін Конституциямыз бойынша ҚХА-нан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік. Ассамблеямыз 25 жылдан бері қарай елдің ішіндегі көп этностардың, көп діндердің арасындағы бір-біріне жақындастыратын, толеранттылықты тәрбиелейтін, бірлікті тәрбиелейтін елімізді алға жетелейтін үлкен бірегей орган болып келе жатыр. Басқа елдер, халықтар бізден үйреніп жатыр.

Белді тұлғалар қатарынан үкімет басшысы Асқар Мәмин, Парламент палаталарының спикерлері Мәулен Әшімбаев пен Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және басқа да басшы-қосшылар бірінен соң бірі кеп дауыс парағын жәшікке салды. Ереже бойынша Ассамблеяның 504 мүшесінің 50 пайыздан астамы келіп дауыс беруі тиіс. Сайлау сонда ғана өтті деп саналады. Сайлау нәтижесі бойынша дауысты санап шыққан комиссия мүшелері барлығы 351 адамның қатысқанын айтты.

Бақыт Бектемісова, Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының төрайымы:

- «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 94/1 бабына сәйкес ҚХА сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау нәтижелері бойынша хаттама ОСК-на жедел жіберілетін болады.ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысын анықтап, БАҚ-на жариялайды.

Сайлаушылар сайлауға дегеннен бұрын, мерекеге келгендей көңілді жүрді. Біразы естелік суретке түсіп әлек. Ұйым атынан депутат атанып, енді орнын босатып жатқан Владимир Божко сындылар да көңілі бір жабырқамапты. Соңғы екі жылда әлеуметтік саланы қаржыландыруға біраз күш салып, әсіресе жәрдемақы алушыларға шамамен 2 триллион теңгедей қаржы төлетуге септігі тигені үшін дән риза.

Владимир Божко, Мәжіліс депутаты:

Ағайын, осымен болды. Мені біреулер әрдайым зейнетке аттандырып жүретін. Бітті, мен кеттім. Әрі қарай немен айналысарымды әзірге білмеймін. Бірақ менің 7 немерем бар. Сондықтан айналысатын шаруам баршылық.

Мәжілістің VI шақырылымында Ассамблеядан 9 депутат болатын. Олардың ішінде Сауытбек Әбдірахмановтан басқасы түгел жаңармақ. Мәжіліс депутаттағына Ассамблея атынан ұсынылған 9 кандидаттың бәрі межелі көрсеткіштен асырып дауыс жинады. Олардың арасында үшеуі этномәдени орталық жетекшісі болса, біреуі фермер, тағы бірі ауыл әкімі. Қалғаны түрлі қоғамдық ұйым өкілдері мен білім беру саласының мамандары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.