Үш партия енді Мәжілістің 98 мандатын өзара бөліседі
Орталық сайлау комиссиясы Парламент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Елдегі дауыс беру құқы бар 12 миллиондай тұрғынның 63,3 пайызы өз таңдауын жасаған. Бюллетеньдерді санау жүз пайызға бітпеді. Дегенмен Төменгі палатаға өткен партиялар белгілі.
Автор: Асыл Махмет
11.01.2021
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы боынша:
Қазақстан халық партиясы 9,1 пайыз;
NurOtan 71,09 пайыз;
Aq jol 10,95 пайыз;
7 пайыздық межеден асқан осы үш партия енді Мәжілістің 98 мандатын өзара бөліседі. Ал «Ауыл» партиясына 5,29 пайыз адам дауыс берсе, Adal партиясын 3,57 пайыз сайлаушы қолдапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!