Шалқар айналым депосының жұмысшылары неге аттандады?
Ақтөбе облысындағы Шалқар айналым депосының жұмысшылары «қысқарту болады» дегенді естіп айғайға басты. Наразы топтың сөзінше, мұндағы теміржолшылардың тең жарымы жұмыстан айырылып қалуы мүмкін екен. Сондықтан алдын ала аттандап, бассыздықты болдырмауға бекінген.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.01.2021
- Ембі депосы локомотив бригадасының санын азайтпау үшін осыны өзінің депосына алып бергісі келіп отыр. Егер алып берген жағдайда Шалқар айналым депосының локомотив бригадасының 55 пайызын қысқартуға тура келіп тұр.
Дау шыққан депода бас-аяғы 300-ге жуық адам бар. Оның 128-і машинист, ал қалғаны көмекшілері мен кеңсе қызметкерлері екен. Қысқару болса ең алдымен машинистердің көмекшілері ілігеді. «Бәріміз біріміз үшін» деген ұжым, бүгін бірауыздан компания кеңсесі мен аудандық әкімдіктің алдына жиналып мәселенің оң шешілуін талап етті. Алайда теміржолшылардың уәжін тыңдайтын ешкім табылған жоқ. Кейін компания өкілі мән-жайды телефон арқылы түсіндірді.
Айбек Таласов, «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ Ақтөбе бөлімшесі директорының бірінші орынбасары:
- Қысқарту болмайды. Бірауыздан ондай болмайды. Түсіндіреміз.
- Ембіге көшеді деген ше?
- Жоқ, ол да бекер әңгіме. Көшеді, анау-мынау деген әңгіме жоқ
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!