{metadescription}
БҒМ: Бір жарым миллион оқушы дәстүрлі форматта білім алады
БҒМ: Бір жарым миллион оқушы дәстүрлі форматта білім алады

БҒМ: Бір жарым миллион оқушы дәстүрлі форматта білім алады

Оқушылар үшінші тоқсанда ақырындап мектепке оралуда. Араға бір жылдай уақыт салып биыл бітіруші сыныптағылар партасымен қауышты. Білім министрлігінің өкілдері мәлімдегендей, дәстүрлі форматта бір жарым миллион бала білім алады. Ал қалған екі миллион оқушы қашықтан білім алып жатыр.

300-ге дейін оқушысы бар білім ордаларында оффлайн сабақ жалғасады. Әр мектеп қашықтан оқыту кезінде қандай пәндерді оқытатынын өзі таңдайды. Санитарлық талап сол күйі өзгерген жоқ. Білім алушылар бетперде киіп, арақашықтықты сақтауы тиіс. Сабақ арасындағы қоңырау да әр сыныпқа әртүрлі соғылады.

Дегенмен қолайсыз ауа райына байланысты елордалық оқушылар екінші күн оқуын үйінде жалғастырып жатыр. Бұған Президенттің жақында қашықтан оқытуды бекіту туралы заңы түрткі болды. Аталған заңда дәстүрлі форматта оқыту тоқтатылса, оқушылар онлайн білім алады. Колледждердегі оқушыларға қатысты да Бблім министрлігі мәлімдеме жасады.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Осыған дейін екінші семестрде оқығандай студенттердің басым көпшілігі қашықтық форматында оқытылады. Колледждерде оқу келесі аптада 18-қаңтардан басталады. Бұл жерде бірінші курс студенттеріне штаттық форматта оқытуға рұқсат етілді. Бүгінде I курс студенттерінің саны 149 мыңнан асады. Бұл жалпы студенттердің 31 пайызы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.