{metadescription}
1900-ге жуық мұғалім карантинге кетті – ШҚО
1900-ге жуық мұғалім карантинге кетті – ШҚО

1900-ге жуық мұғалім карантинге кетті – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында сайлауда жұмыс істеген 1900-ге жуық мұғалім карантинге кетті. Олар үш тәулік бойы үйінен шықпауы керек.

Олар сайлау кезінде көп адаммен байланыста болған. Сондықтан 72 сағат өткеннен кейін барлығы коронавирусқа тест тапсырады. Өйткені «жасыл аймақтағы» өңірде оқушылардың 65 пайызы мектепке келіп білім алуына рұқсат берілді. Карантинге жабылған ұстаздар оқушыларға қашықтан білім беретін болды.

Шығыс Қазақстан облысындағы 527 мектепте сайлау бөлімшесі жұмыс істеген. Саяси науқан аяқталған соң барлық білім мекемелерінде дезинфекциялау жүргізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде