Елордада коронавирус өршіп барады
Коронавирустың өршуіне байланысты елордаға да карантин қайта айналып келуі мүмкін. Өйткені қала тұрғындары жаңа жыл басталғалы санитарлық талап сақтауды ұмытқан. Он күннен бері бас қала «сары» және «қызыл» аймақтың шекарасында тұр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
12.01.2021
Бүгінгі эпидахуал: елорда сырқаттанушылар санының көбеюіне байланысты «сары» аймақта. Бұл бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе көбеюінен дейді қаланың санитар дәрігерлері. Олар халық өткен мерекелік күндерде шектеу шарасын сақтамады деп налиды. Бір ай бұрын ғана жұрт үйден емделмесін деген ақ халаттылар қазір дәрігерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді деп қуанып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!