Елімізде екі облыс пен бір қала «қызыл» аймаққа кірді
Елімізде екі облыс пен бір қала коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Қауіптің ең жоғары деңгейінде қазір Талдықорған қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары тұр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
12.01.2021
Ауру асқынған Талдықорған қаласы мен Алматы облысының екі ауданында демалыс күндері локдаун жарияланды. Ал республикада қауіптің «сары» деңгейіне Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары енді. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта.
Елімізде соңғы тәулікте қос індеттен 10 адам көз жұмған. Оның біреуі коронавирус пневмониясынан, қалғаны СOVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Ал дерт жұқтырғандар кешеден бері 692 адамға толықса, қос өкпесі қабынғандар 25 адамға арта түсті. Осылайша елде коронавирус құрығына іліккендер 168 мыңға жуықтаса, коронавирус пневмониясын жұқтырғандардың саны 46 375-ке жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!