{metadescription}
«Ауыл» партиясы сайлауда 7 пайыздық межеден асыпты, бірақ ...
«Ауыл» партиясы сайлауда 7 пайыздық межеден асыпты, бірақ ...

«Ауыл» партиясы сайлауда 7 пайыздық межеден асыпты, бірақ ...

«Ауыл» партиясы да сайлауда 7 пайыздық межеден асыпты. Бірақ бұл саяси ұйым мүшелері Мәжіліске бара алмайды. Ауылдықтар Алматы қалалық мәслихатына депутат болады. Оңтүстік астанада дауыс саны бойынша 4 саяси партия 7 пайыздық межеден асқан.

Сайлаушылардың 68 пайыздан астамы Nur Otan партиясын таңдаса, Aq jol 10,11% дауысқа ие болды. Ал Мәжіліске өте алмаған «Ауыл» партиясы 7,68% жинапты. Қазақстан Халық партиясы - 7,31% және Adal партиясы - 6,79% дауыс алды. Осылайша Алматы қалалық мәслихатында Nur Otan 29 депутаттық мандатқа ие болса, Aq jol 4 мандат алды.  «Ауыл» партиясы мен Қазақстан халық партиясының әрқайсысына 3 мандаттан бұйырды.

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан барлығы 118 кандидатты тіркеген еді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде