{metadescription}
Ақтөбе зауытындағы 5 жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбе зауытындағы 5 жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе зауытындағы 5 жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде хром қоспасы зауытындағы бес жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Өз міндетіне салғырт қарады және еңбек қауіпсіздігін сақтамады деп айыпталған цех бастығы мен екі шеберді судья ақтап шығарды.

Осы күнге дейін қаладан шықпау туралы қолхатпен жүрген сотталушылардың қайғылы оқиғаға қатысы жоқ деп табылды. Олар да осы күнге дейін кінәсін мойындамаған. Судья қайтыс болғандар жұмысшылардың өздері еңбек қауіпсіздігін сақтамаған деген тоқтамға келіпті. Владимир Коваль жеті ай бұрын сотталушылар жұмыс істейтін төртінші цехтың бөшкесіндегі химиялық қоспаны тазартып жатқанда технологиялық ерітіндінің буына күйіп қалады. Оны құтқармақ болған жанындағы бес әріптесі артынша бөшкеге түседі. Сол кезде олар да жарылыстан күйген. Төрт адам сол жерде мерт болса, Азамат Нағышев бір аптадан соң ауруханада жатып жан тапсырды. Марқұм болған жұмысшылардың туыстары сотталушыларға кешірім берді. Тек Владимир Коваль мен Евгений Корнеевтің аналары өтемақы сұраған болатын. Бірақ олардың бұл талабы қанағаттандырылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде