{metadescription}
Ақмола облысында карантин күшейтілді
Ақмола облысында карантин күшейтілді

Ақмола облысында карантин күшейтілді

Ақмола облысында карантин шаралары одан әрі күшейтіле түсті. Онсыз да «қызыл аймақта» тұрған өңірде бірқатар нысандардың жұмыс кестесі қысқартылды.

Айнагүл Мусина, Ақмола облысының санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Өңірде эпидемиологиялық жағдайды зерттей келе, карантин шектеулерін одан әрі күшейтуге жаңа қаулы қабылдауға тура келді. Қазірдің өзінде облыста 8 мыңға жуық адамнан Ковид-19 анықталып отыр. Төртінші күн «қызыл аймақта»болсақ та, тұрғындар санитарлық сақтықты естен шығарды.

Санитарлық талаптар әсіресе сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында сақталмаған. Сондықтан жаңа қаулыға сәйкес олардың жұмыс кестесі таңғы сағат 9-дан кешкі 20.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны 50 пайызға дейін азайтылып, екі метрден кем емес ара қашықтық сақталған жағдайда ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ фитнес орталықтары мен жаттығу залдары да адам санын шектеп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы тиіс. Ал отбасылық отырыстар, той-томалақ пен ұжымдық іс-шара өткізуге мүлдем тыйым салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде