Дүлей дауылдан бірнеше елдімекен жарықсыз қалды – Атырау облысы
Атырау облысында дүлей дауылдан бірқатар нысандар бүлінді. Электр желілері үзіліп, бағаналар құлаған. Соның салдарынан бірнеше елдімекен жарықсыз қалды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.01.2021
Секундына 25 метр жылдамдықпен жел соғатынын бұған дейін төтенше жағдай департаменті ескерткен. Таңертең басталған дауылдың күштілігі Мақат ауданында үш мектептің шатырын ұшырып әкеткен. Тұрғын үйлер де бүлінген. Облыс орталығында да үйлердің шатыры ұшып, электр сымдары үзілген. Қазір арнайы қызмет көшеле жинап, адам өміріне қауіп төндіретін салбырап тұрған шатырларды бекітіп жатыр. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Жантөре Демешов, Атырау облыстық ТЖД бөлім бастығы:
- Нұрсая ықшам ауданында және Азаттық даңғылы №77 үйдің төбе жабындысы қисайын босап кеткен. Аудандағы жағдай бір қалыпты. Желдің ұйытқуына байланысты әзірге үйден шықпауға кеңес береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!