Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жұмысшы әйелдері наразылыққа шықты
Ақтауда кір жуушы әйелдер наразылыққа шықты. Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыздың төсек жамылғыларын жуатындар жұмыссыз қаламыз ба деп қорқады. Өйткені кір-қоң жуумен айналысатын сервистік компанияның келісімшарт мерзімі аяқталған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
14.01.2021
Роза Бекежанова:
- Көп балалы аналар, асыраушысы жоқ, мүгедек аналар бар. Солар қазір жұмысынан айырылса, Мұнайлыда жұмысқа алатын еш жер жоқ. Жұмысты басқа ұйым беретін болса, несиемізді кім төлейді? Қазір базардағы заттардың бәрі қымбаттап кеткені белгілі.
Тендер жариялайтын серіктестік жаңа жылдан бастап сервистік мекемемен жұмыс істеуден бас тартқан. Қызметті қысқартып, теміржол вагонындағы төсектің тазалығымен өздері айналыспақшы. Ал жұмыссыз қалған 40-шақты кір жуушыны өзіне жұмысқа алып, жалақы төлеуге әзір екен. Алайда жұмысшылар бұл құрғақ уәдеге сенгісі жоқ. Екі қолға бір күрек таба алмай қаламыз деп күйінгендер желтоқсан айында да әкімдік алдында наразылық білдірген. Ол кезде атқамінерлер тендер болатынын айтып, жылы сөзбен шығарып салған.
Алтай Борашев, «Otpan Logistic» ЖШС директоры:
- Шешім қабылдадық. Сол қызметті толық өзіміз жасаймыз. Ешкімді былай алмаймыз. Ешкіммен келісімшартқа отырмаймыз. Корпорацияның адамдары бойынша кеше хат жаздық. Барлық адамды жұмысқа аламыз. Сол жалақысы сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!