{metadescription}
Су кодексі: Ауылда ауыз су арзандайды
Су кодексі: Ауылда ауыз су арзандайды

Су кодексі: Ауылда ауыз су арзандайды

Ауылда ауыз су арзандайды. Сенаторлар екінші оқылымда бекіткен Су кодексіндегі түзетулер мемлекеттік субсидияның арқасында ауылдықтар үшін су құнын төмендетпек.

Бүгінде ауылдықтар қала тұрғындарына қарағанда ауыз суға әлдеқайда көп төлейді. Мысалы, қаладағы орташа тариф 66 теңге болса, ауылдар бір текше метрге 161 теңге , ал кейбір елдімекендер 3 500 теңге төлеуге мәжбүр. Енді мемлекеттік бюджеттің есебінен ауыз су шығыны өтелмек. Биыл ауылдағы ауыз суды субсидиялауға 16 миллиард теңгедей бөлінген. Су кодексіндегі өзгерістерге сай, елдімекендердегі тарифті жергілікті билік мәслихатпен бірлесіп бекітеді. Бұған дейін субсидияға өтініш берген ауыл мәселесі тиісті министрлікке жолданып, жауап келгенше бір-екі жылдай уақыт кететін.  Бүгінде субсидияға қол жеткізген елдімекендердің саны аз. Мысалы, 4 мың 78 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, соның тек 42 пайызы ғана субсидияланған. Су кодексіндегі өзгерістердің арқасында ауыз су ауылдықтарға қаншалықты арзандайтыны әзірге белгісіз.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Ауылдағы елдімекендерді сапалы ауыз сумен қаматамсыз ету еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Соңғы жылдары парламент қабырғасында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде көтеріліп келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде