{metadescription}
Әкімнің бір ауыз сөзі жүзге тарта адамның ашуын туғызды – Түркістан облысы  
Әкімнің бір ауыз сөзі жүзге тарта адамның ашуын туғызды – Түркістан облысы  

Әкімнің бір ауыз сөзі жүзге тарта адамның ашуын туғызды – Түркістан облысы  

Түркістан облысында әкімнің бір ауыз сөзі жүзге тарта адамның ашуын туғызды. Наурыз айында құрылғалы жатқан Сауран ауданының орталығы, Шорнақ ауылының әкімі ауылдағы мектеп-интернатты әкімдік ғимараты ретінде алынатынын айтқан.

Ал сондағы педагогтар мен оқушылар жан-жаққа жіберіледі дегенді естіген ата-аналар мен мұғалімдер наразылыққа шықты.

Нұржамал Қарсаңова, ата-ана:

- Мен жесір әйелмін. Барып келетін көлігіміз жоқ. Бала-шағам осы жерде оқиды. Тек жетімдер осы жерден бітіріп кетті. Көлігіміз жоқ қой, сосын ауылда мектеп те жоқ. Айдалада 5-6-ақ үй. Жабылмасын дейміз.

Шорнақ ауылында үш орта мектеппен жалғыз мектеп-интернаты бар. Қарапайым білім ошағына онсыз да бала сыймайды екен. Ал интернатта негізінен шалғайда тұратын малшылардың балалары мен жетімдер жатып оқиды. Егер оқу ғимаратын әкімдік тартып алса, 370-тен астам бала жан-жаққа таратылып, мектеп-интернаттың 130-дан астам қызметкері жұмыссыз қаламыз деп шулады. Алайда Кентау қаласының билігі мұндай талап қоймадық, сондықтан мектепті жабуға негіз жоқ деп отыр. Ал бір ауыз сөзімен жұрттың ұйқысын қашырған Шорнақ әкімі енді елге ләм-мим демедім деп, басын алып қашты.

Ділмұхан Сүлейменов, Шорнақ ауылының әкімі:

- Шорнақ елдімекеніндегі, жалпы 3 елдімекен ғой, сол жердегі барлық мекемелерді, сосын жекеменшік кәсіпкерлік нысандарда, соларды түгендеп бер деген, техникалық жоспары бар, мемактілері  бар, көлемін өлшеп. Қаржы басқармасынан ұсыныс жазып беріңіздер деді. Бізде осындай нысандар бар деген, болды, басқа ештеңе жоқ. Мен осы мектепті, осы интернатты жабылсын деген ұсыныс берген жоқпын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде