{metadescription}
Атырауда мұрағатта сақталуы тиіс құжаттар қоқыста шашылып жатыр
Атырауда мұрағатта сақталуы тиіс құжаттар қоқыста шашылып жатыр

Атырауда мұрағатта сақталуы тиіс құжаттар қоқыста шашылып жатыр

Мұрағатта сақталуы тиіс құжаттар қоқыс алаңында шашылып жатыр. Атырауда тұрмыстық қалдықтар төгілетін орыннан төлқұжат, жеке және жүргізуші куәліктері, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге тиесілі маңызды құжаттар табылды.

Олардың қоқыс арасында қайдан тап болғаны түсініксіз. Шашылған қағаздардың ішінде кезіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының мөрі басылған анықтамалар да бар. Олар он жыл бұрын толтырылған деп көрсетілген. Полицейлер қазір осы жауапсыздыққа жол бергендерді  іздестіріп жатыр. Ал өңірдегі «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы «бұлар күші жойылған құжаттар» деп ақталуда. Әрі оның бәрін көші-қон полицясына өткізген екен. Сондықтан шалағайлық  «біздің тарапымыздан болған жоқ» дейді.

Тұрлан Нұржанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиал директорының орынбасары:

- Қазір басшылық ретінде ішкі істер органдарымен телефон арқылы сөйлесіп отырмыз. Кімнің құжаты және қалай ол жерге түскені туралы. Тиісті органдар тексеріп жатыр.

- Сіздерге қатысы жоқ қой?

- Бізге қатасы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде