{metadescription}
Гаражда жарылыс болып, бір адам зардап шекті – Ақтөбе
Гаражда жарылыс болып, бір адам зардап шекті – Ақтөбе

Гаражда жарылыс болып, бір адам зардап шекті – Ақтөбе

Көлік қыздырамын деп күйіп қалды. Ақтөбедегі гараждардың бірінде жарылыс болып бір адам зардап шекті.

- Адам зардап шекті. Оқыс оқиға. Гараждың есігін ашып қалғанда жарылыс болды. Не болғанын ол, тіпті ұқпай қалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрт гаражда тұрған көліктен тұтаныпты. Артынша ұшқыны газ баллонына тиіп жарылған. Қатты дүмпуден қатар тұрған бес гараждың төбесі опырылып ортасына түсті. Қабырғалары қираған. Гараждардың барлығында жарылыс кезінде көлік болмапты. Тек от шыққан машинаның түгі қалмай жанып кетті. Ал жарақат алған тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. «Қазір есін жиып, беті бері қарады» - дейді дәрігерлер. Төтенше жағдай департаменті апаттың себебін анықтап жатыр.

Бекет Айсұлтан, Ақтөбе облыстық өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы:

- Ол жерде өрттің шығу себебі автокөлік газбен, газ жанар-жағармайымен жүретін болғандықтан, от алдыру кезінде өрт шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде