{metadescription}
«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды
«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды. Президент Тоқаевтың сынына ұшырап, кейін істі болған Берік Шәріпке қатысты іс жақын арада сотқа жолданады.  

Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Іспен танысу жүріп жатыр. Жақын күндері іс сотқа беріледі. Ең бастысы, тергеу аяқталды, құжаттармен танысу да аяқталады. Қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылды.

Елді дәрі-дәрмекпен қамтумен айналысатын «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп төтенше жағдай жарияланған кезеңде қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін айыпталған. Кейін қылмыстық ісі жүктелген міндетке салғырт қарау бабына ауыстырылды.

Былтыр үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармация» жұмысын сынға алып, басшыларды жұмыстан босатуды тапсырған. Керек болса тергеу жүргізуге тапсырма берген. Тоқаевтың айтқаны сол еді, ертесіне екі ұйым басшысы қызметінен алынды, кейін оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде