Алмас Шарман: Коронавирусқа шалдығудың шыңырау шегі – наурыздың басы
Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың шыңырау шегі наурыздың басына келеді. Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман осындай болжам жасап отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
14.01.2021
Ғалым Вашингтон университетінің медициналық метрика және бағалау институтының деректеріне сүйене отырып осындай байламға келіпті. Аталған институт коронавирусқа шалдығу көрсеткіші бойынша сараптамалық жұмыстармен айналысады. Сондағы мәліметтер бойынша, еліміздегі осы вирусқа шалдығудың ендігі ең жоғарғы көрсеткіші наурыздың біріне келіп тұр. Сол күні елімізде ауырып жүргендер саны 18 603 адам болады деген болжам бар. Онан соң бәсеңдей түсуі тиіс. Мұның алдындағы жоғарғы көрсеткіш 29 маусымда болған. Онда науқас саны 33181 адамға жетіпті.
Маманның айтуынша, жағдайдың қалай өрбитіні Үкімет шараларына байланысты. Елде вакцина кеңінен қолданылып, жұрт түгел медициналық бетперде тағып жүрсе, көрсеткіш біраз азаюы мүмкін. Егер еш шара қолданбаса, жағдай тіпті ушығары сөзсіз дейді.
Алмас Шарман, Профилактикалық медицина академиясының президенті:
- Біріншіден, күн жылынып, жұрт жабық ғимараттан сыртқа шыға бастайды. Екіншіден, жәйлап ұжымдық иммунитет қалыптасады және жаппай вакцинациялау басталады деп отырмыз. Ол да вирустың таралуын тежеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!