{metadescription}
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймаққа» жақындады. Бас қаладағы эпидахуал ушығып тұр. Соған байланысты мұнда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін. Өйткені елордалықтар санитарлық талаптарға атүсті қарап, дерт дендей түскен.

Ал кей өңірлерде шектеу шарасы жеңілдетіліп жатыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында мектеп ішіндегі асханалар жұмысына қайта кіріседі.

Бүгінде Нұр-Сұлтан «сары» және «қызыл аймақтың» шекарасында тұр. Қаланың санитар дәрігерлері осылай деп дабыл қақты. Олардың айтуынша, халық жаңа жыл қарсаңында сақтық шарасын сақтамағандықтан, індетке шалдыққандар саны көбейіпті. Осылайша Елордада соңғы тәулікте тағы 123 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Қазір қала «сары аймақта» орналасқанына қарамастан, сырқаттану санының өсуі байқалды. Дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келетінін атап өткіміз келеді. Қалада коронавируспен ауырғандар саны өсуі жалғасқан жағдайда, қосымша шектеу, карантин шараларын қабылдаймыз.

Солтүстік Қазақстан облысында індеттің ушығып тұрғанына қарамастан, алдағы дүйсенбіден мектеп асханалары жұмыс істей бастайды. Бірақ онда үстелдердің арасы екі метр болып, келушілер саны 30 пайыздан аспауы керек. Сағат сайын асхананың іші желдетіліп, арнайы ерітінді қосылған сумен сүртуден басқа аспаздарға да талап күшейтіледі. Олар жұмысқа дене қызуын өлшетіп кіріп, екі сағат сайын бетпердесін ауыстырып тұруға міндетті.

Арман Күшбасов, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Санитарлық жағдайды бақылау бізде  коронавирус болмай тұрып-ақ бір жүйеге қойылған. Тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерді де тексеретіндер бар. Ол мектеп әкімшілігі және ондағы медицина қызметкерлері.

Қазір коронавирустың таралуы бойынша қауіптің «сары деңгейінде» тұрған  өңірлер жетерлік. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Ал Ақмола және Қостанай облыстарында коронавирус өршіп тұр – «қызыл аймақта». Қалған өңірлерде індет жұқтыру қаупі төмен.

Соңғы тәулікте тағы 834 адам қауіпті кеселдің құрығына ілігіп, 91 адамның өкпесі қабынған. Ковидке шалдыққандардың жалпы саны 165 мыңнан асты. Коронавирус пневмониясын 46 мыңнан аса адам жұқтырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде