{metadescription}
Жеңімпаз партиялар мүшелеріне төсбелгі мен куәлік табысталды
Жеңімпаз партиялар мүшелеріне төсбелгі мен куәлік табысталды

Жеңімпаз партиялар мүшелеріне төсбелгі мен куәлік табысталды

Бүгіннен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының өкілеттігі басталады. Жеңімпаз партиялар Орталық сайлау комиссиясына мандат көлеміне қарай тізімдерін ұсынып, бүгін әрқайсына Төменгі палата төсбелгісі мен куәлік табысталды.

Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК мүшесі:

Депутаттық мандаттардың бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап, 10 күннен кешіктірмей айқындайды. Aq jol, Nur Otan және Қазақстан халық партиясы саяси партиялардың тиісті құжаты 12-13-қаңтарда Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды.

Төменгі палатаның төсбелгісі мен куәлігін алған 107 азамат мәжілісмен атанды. Заң бойынша 98 депутат партиялық тізім бойынша сайланған. Олардың 76-сы Nur Otan партиясынан, Aq jol-дан 12, ал Қазақстан халық партиясынан 10 адам. Қалған 9 депутатты Қазақстан халық ассамблеясы сайлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.