Елбасы партияластарына ұсыныс жасады
Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі болуы мүмкін. Партияның парламенттік фракциясының отырысын өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарына осындай ұсыныс жасады.
Автор: Ербол Тұрымбет
14.01.2021
Нұрлан Зайроллаұлы Парламенттің төменгі палатасында 2012 жылдан бері келе жатыр. Ол Мәжілістің осының алдындағы V және VI шақырылымдарында төраға қызметінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев партия отырысында Асқар Мәминді Үкімет басшысы ретінде көргісі келетінін жасырмады. Назарбаевтың пікірінше, алдыңғы Үкімет қиын-қыстау уақытқа қарамастан, жұмысын жаман атқарған жоқ. Сондықтан Президент Мәминнің кандидатурасын ұсынып жатса, фракция депутаттарынан оны қолдауды сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!