{metadescription}
Қасқыр саудасы қырғын төбелеспен аяқталды – Алматы облысы
Қасқыр саудасы қырғын төбелеспен аяқталды – Алматы облысы

Қасқыр саудасы қырғын төбелеспен аяқталды – Алматы облысы

Алматы облысында қасқыр саудасы қырғын төбелеспен аяқталды. Жеке үйлердің бірінде түз тағысын қорлап отыр деген зооқорғаушылар аңды құтқаруға барған. Алайда табалдырығынан аттаған бойда үй иесінен таяқ жепті. Еріктілердің айтуынша, қол көтерген тұрғын үйінің ішінен нағыз қасқыр қасапханасын ашып алған.

Қасқырларды есік алдында сойып, терісінен кілем тігіп қымбатқа сататын көрінеді. Ақпараттың анық-қанығын тілшіміз білуге тырысты.

«Тәртіп сақшыларының көзінше таяқ жедім» деп айқайға басқан бұл келіншек – Евгения Калиниченко. Жануарларды қорғаушы «қасқырды қорлап жатыр» деп, Талғардағы жеке үйлердің біріне полиция шақыртқан. Айтуынша, әлеуемттік желіде аштан бұратылған қасқырды сатып жатқан хабарлама көріпті. Содан сатып алушы ретінде барып, көрген көріністен шошынған. Үй иесі ас, су бермей, түз тағыларын аштан-аш темір қоршауда ұстап отыр екен. «Онымен қоймай бірнеше қасқырдың терісінен біріктіріп кілем сатып жатыр» - дейді белсенді азамат.

- Кілемнің кесімді бағасы 150 мың! Керемет зат! Сегіз қасқырдың терісінен тігілген және сегіз құйрығы бар.

 Жануарларды қорғаушылар үйдің ішіндегі шеберхананы да таспаға түсіріп алған. Онда қасқыр терісінен тігілген кілемдерден бөлек, қатырылған басқа жыртқыш аңдар да тұр.

- Мәссаған! Бұл не? Бұл гепард! Бұны да сатып ала ма? Әрине!

Ал үйдің сыртында қарсақтардың өлекселері қоқыспен араласып жатыр. Еріктілер «қасқыр терісінің санында шек жоқ» дейді. Үйдің қожайыны түз тағысының терісін далаға дейін шығарып жайып тастаған. Жануарларды қорғаушылар бірден прокуратураға шағымданған. Алайда ондағылар: «Қасқыр құнды аң емес, сондықтан іс қозғамаймыз» деп, қысқа қайырыпты. 

Николай Ковалев, жануарларды қорғаушы:

- Бұл барып тұрған жануарды қорлау! Бірақ біздің арызды қабылдамай қойды. Қасқыр «Қызыл кітапқа» енгізілмеген, сондықтан қарамаймыз деді прокурорлар. Қаласаңдар, полиция шақыртыңдар деді.

Бірақ тәртіп сақшылары да жануарларды қорғаушыларға көмектесе алмады. Қасқыр саудасы қызған жер қожайынның жеке үйі болғандықтан, тек сырттан ғана қарап тұруға мәжбүр болды.

- Түк бітірмейсіңдер! Қасқиып қасқыр сатып тұр!

Еріктілер қожайын қасқырды заңсыз аулап, ал терісін үйдің ішінде тірідей сыпырып жатыр ма деп күдіктенеді. Ал кәсіпкердің өзі болса, қасқырларды темір қоршауда ұстап, терісін сатқаннан еш әбістік көріп отырған жоқ.  

- Неғыл дейсің? Мен ресми жұмыс істеймін! Құжаттарым бар! Жалпы сіздің есіңіз дұрыс па? Қайдағы қатыгездік?

Бірақ қасқырларды атуға да, сатуға да рұқсат беретін құжаттарын сол күйі көрсетпеді. Дегенмен қасқырлардың суреттері әлеуметтік желіге тарап, жұрттың ашуын тудырған соң, полиция қызметкерелері кәсіепкерді тексеруге сөз берді. 

Ернар Сайділдин, Алматы облыстық полиция департаменті ресми өкілі:

Қазір Талғар аудандық полиция басқармасы тексеру шарасын жүргізуде. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шара қабылданатын болады.

Ал тірі қасқыр мен терісінен тігілген кілемдер сатамыз деген хабарлама әлеуметтік желіден әлі өшірілмеген. Әр қасқырды 140 мыңнан, ал 150 мың теңгеге терісінен кілем тігіп береміз деп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде