Табиғат инспекторы аң атып жүрген жерінен ұсталды – Түркістан облысы
Оңтүстікте жануарларды қорғауы тиіс инспектор жұмыс уақытында аң атып жүрген жерінен ұсталды. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның қызметкері Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған.
Автор: Бек Әбиев
15.01.2021
Полицейлер формадағы инспектор мен жанындағы екі серігін саят құрып жүрген жерінен қолға түсірді.
- Мемлекеттік инспектор.
- Жоқ, мені танитын шығарсыз?
- Жоқ, беймарал аша бер, аша бер.
Шардара ауданындағы рейд кезінде полицейлер күдік тудырған «Нива» мен «Уаз» көлігіне тоқтауды бұйырады. Алайда күдіктілер қаша жөнелгенде көліктің дөңгелегінен атып тоқтатқан. Тінту кезінде машинаның бірінен үш аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, ал екіншісінен Қызыл кітапқа енген қарақұйрық тәркіленді. Таңғы сағат төрт жарымда ұсталған браконьерлер өлексені «жолдан тауып алдық» деп ақталыпты. Шымкент, Арыс пен Бәйдібек аудандарының үш тұрғыны енді заң алдында жауап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!