{metadescription}
Қарағанды облысында киік қырған браконьерлер ұсталды
Қарағанды облысында киік қырған браконьерлер ұсталды

Қарағанды облысында киік қырған браконьерлер ұсталды

Қарағанды облысында киік аулаған браконьерлер ұсталды. Иен жазықта қашып құтылмақ болғандардың көлігінен аң терісі мен бас сүйегі табылған. Жедел іздестіру кезінде күдіктілер сол киіктердің еті мен мүйзін тыққан жерді өздері көрсетіп берді.

Қорықшылар мен полицейлер көлікті түні бойы қуыпты. Ақыры Нұра ауданыдағы Щербаковка ауылының маңында ұстаған. Көліктен киіктің терісі мен басы табылды. Ал олардың  мүйізі мен тушасын айдаладағы қираған ғимаратқа жасырыпты.

Жалпы соңғы күндері Арқадағы сарышұнақ аяз бен осы мезгілде күйекке түсіп әлсіреген аталық киіктер құлап жатыр. Бұл броконьерлерге оңай олжа болған. Бас аяғы бір айда киік қырудан 4 қылмыстық іс тіркеліп, 10-нан аса мүйіз тәркіленген. Полицейлер киік аулағандарға  12 жылға дейін жаза көзделгенін ескертеді.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Облыстың 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жол шетінде жатқан ақбөкенді автокөлігімен соғып алған. Кейін мүйізін қағып, тірісін сыпырып алған. Бұл да қылмыстық жауапкершілік болып саналады. Заңсыз аң аулау және Қызыл кітапқа енген аңдардың мүйізін, терісін сыпырып алу фактісімен ұсталған азаматтарды қамауға алу санкциялары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде