{metadescription}
Алматыда базар әкімшілігі мүгедектің дәмханасын рұқсатсыз бұзған
Алматыда базар әкімшілігі мүгедектің дәмханасын рұқсатсыз бұзған

Алматыда базар әкімшілігі мүгедектің дәмханасын рұқсатсыз бұзған

Алматыда арбаға таңылған азамат базарда кәсібін бастай алмай басы қатып жүр. Жаңа базардың әкімшілігі оның аядай дәмханасын рұқсатсыз тас-талқан сүруге бел буыпты. Кафе ашып нәпақа табуды ойлаған Рысалхан Нұрмұхамбетов енді құрылыс пен қымбат құрылғыға кеткен шығынды кімнен өндіріп аларын білмейді.

Рысалхан Нұрмұхамбетов дәмханасының қазірі сұрқын көріп көзі шарасынан шыға жаздады. Кафенің тас-талқаны шығып, іші қоқысқа толған. Қымбат құрылғылар мен жиһаздың бірі де жоқ. Арбаға таңылған азамат: «Базардың жаңа басшысы бір ауыз ескертпей, барлығын бұзып тастағаны – барып тұрған бассыздық» - деп күйінеді.

Рысалхан Нұрмұхамбетов, екінші топтағы мүгедек:

- Осы жерде жұмыс істеген жұмысшылар көрген ғой. Мен білмеймін оны. Кейін маған хабарласып «жөндеп жатырсыз ба?» деп сұрады. «Жоқ» - дедім. Келдім, міне, көрдіңіздер ғой. Мына құрылғыны жасау үшін шамамен 15 мың доллардай, теңгемен 7 миллион кетті. Ішіндегі жабдықтарға 5 мың доллар кетті. Барлығы 20 мың доллар кетті.

Қос аяғынан айрылса да, 69 жастағы зейнеткер ешкімге алақан жайған емес. Отбасын асыру үшін ол әкімдіктен 2014 жылы тегін жер алып, базар аумағынан кафе салуға кірісіп кеткен. Бір жыл ішінде дәмхананы бастан-аяқ тұрғызып, базар жұмысының жанданғанын күтіпті. Енді екінші топтағы мүгедек кәсібі басталмай жатып қып-қызыл шығынға батты.

Рысалхан Нұрмұхамбетов, екінші топтағы мүгедек:

- Директорға айтып отырғаным: «Басқа біреуге сатып жіберейін, істей алатын адамдар істей берсін». Ол бас тартты. Сосын оған жаратқан ақшамның жартысын берсе ғой дедім. Өзім бұзып, құрылғыларды беретін жеріне берейін дедім. Оған да көнбеді. «Ештеңке төленбейді, кете бер» деп айтты.

Арлан-2 базарының әкімшілігі кәсіпкерді жер-көктен таппай, өзіміз шешім қабылдадық деп отыр. Себебі, сол маңнан көпбақатты үй бой көтеріп, базар ішіндегі бірнеше нысанды дереу сүру керекпіз дейді олар. 

Дәурен Қазытаев, Арлан-2 базар әкімшілігінің өкілі:

Ол кафе істемей тұрғанына көп болды. Содан әкімшілікке жаңадан бастық келді. Арт жақта қоқыс тұр. Соларды жинап алып, үлкен үйлер түсу керек. Арт жақтағы аумақ сол кісілердікі. Қоқыс шығарғанға жол ашуымыз керек. Тоналғанын біз білмейміз. Есігі ашық тұрды. Ішіндегі затты біз жинап қойдық.

Дүние-мүлкі түгел сақталды делінген контейнерге біз де бардық. Рысалханның жұбайы тізіммен барлығын түгендеді. Қорытындысында қымбат құрылғылар жоқ болып шықты. Ал базардағылар «тоналған затқа жауап бермейміз» деп ат-тонын ала қашты.

Екінші топтағы мүгедек жерді тегін берген Алатау ауданының әкімдігіне де мұңын шағып көрді. Бірақ жергілікті билік өкілдері жекеменшік базарға «әміріміз жүрмейді» деп, мүмкіндігі шектеулі жанға көмек қолын созудан бас тартты. Шығынды кімнен өндіріп аларын білмей басы қатқан Рысалхан енді полиция мен прокуратураға арыз жазғалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде