{metadescription}
Елордада қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлерінің жұмысына – шектеу
Елордада қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлерінің жұмысына – шектеу

Елордада қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлерінің жұмысына – шектеу

Елордада бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды. Онда қоғамдық тамақтандыру орындары мен сауда үйлерінің жұмысына қатысты шектеулер айтылған. Қалалық бас санитар дәрігердің бұл қаулысы алдағы дүйсенбіден бастап күшіне енеді.

Мейрамханалар, дәмханалар, барлар мен асханалардың ішіндегі адам саны  30 пайыздан аспау керек. Бір үстелде 4-6 адам ғана отырып, көрші үстелмен арасы кемінде 2 метр болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана жұмыс және демалыс күндері таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Одан басқа ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу сынды шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Сауда, ойын-сауық үйлеріне де осы тектес шектеу қойылып отыр. Яғни, ғимарат іші 30 пайыздан артық толмау керек. Сол жағдайда ғана жұмыс күндері таңертең сағат 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс істеуіне болады. Олардың аумағындағы аттракциондар мен мұз айдыны сияқты ойын алаңдарына рұқсат жоқ. Ал дәріхана мен аса қажетті тұтыну заттарын сататын супер, гипермаркеттер бұрынғыдай жұмыс істей береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде