{metadescription}
Ант беру: Депутаттар 3-4 сөйлемді жаттай алмай әбден састы
Ант беру: Депутаттар 3-4 сөйлемді жаттай алмай әбден састы

Ант беру: Депутаттар 3-4 сөйлемді жаттай алмай әбден састы

Ескі де жаңа төраға. Алғашқы жұмыс күнін бастаған Мәжілістің VII  шақырылымының депутаттары бүгін спикерді сайлады. Конституция бойынша Қазақстандағы үшінші лауазымды қызметті тағы Нұрлан Нығматулин атқарады.

Ал су жаңа депутаттар қызметін ант берумен бастады. Тек Төменгі палатадан орын бұйырғаны қатты әсер етті ме, әйтеуір 3-4 сөйлемді жаттай алмай әбден састы.

Әуелі Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайланған депутаттарды толық тізіп шықты. Одан соң әрқайсысынан салтанатты түрде ант қабылданды. Төменгі палата сапына жаңа депутаттарды қабылдау рәсімі аяқталған соң, барлық фракция депутаттары бірлесе отырып спикерді сайлады. Бұл лауазымға тек бір ғана кандидат – Нұрлан Нығматулин ұсынылған. Депутаттар оны бірауыздан қолдап дауыс берді.

Жалпы өткен бес жылдықта Парламент қабырғасында 400-ден астам заң қабылданыпты. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып 60-қа жуық заң жобасын дайындаған. Оған қоса VI шақырылымдағы депутаттық сауалдардың 50 пайыздан астамы қазақ тілінде жасалған. Осы шақырылымның алғашқы отырысында Мәжілістің құрамындағы 7 комитеттің төрағалары сайланды. Олардың екеуі ғана Aq jol және Қазақстан халық партиясынан болса, қалған бес комитеттің төрағалары Nur Otan фракциясының мүшелері. Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі де Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке, Мәжіліс төрағасы қызметіне сайлағандарыңызға шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Ең біріншіден, бұл маған өте үлкен жауапкершілік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде