Түрмеде отырғандарға бостандыққа шығу мүмкіндігі туды – Қарағанды
Қарағанды түрмелерінде жазасын өтеушілерге мезгілінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі туды. Ол үшін жазасын өтеушілер тек «Абай жолын» жатқа айтып, әлемдік әдеби шығармалардан эссе жазып берсе болғаны.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.01.2021
Осы үшін 50-ден аса отандық және әлемдегі үздік әдеби шығармалардың тізімі жасалған. Оқып шыққан соң, жазасын өтеуші арнайы комиссия алдында шағарманың мазмұнын айтып, кейін ээсе жазуы тиіс. Тіпті «Абай жолы» немесе «Мумудің» қалай суға батқанын білгені үшін түрмеден тезірек шығарылуы да мүмкін. Дегенмен кітап ашуға қылмыстан қолы тимегендер әлем әдебиетін ежіктеп болғанша, отыратын мерзімі аяқталып қалуы да ғажап емес. «Бірақ одан ол ұтпаса, ұтылмайды» - дейді жобаны бастағандар. Біріншіден, уақыты өтеді, екіншіден, түрмеден көзі ашық, көкірегі ояу азамат шығады деген сенім бар.
Валерий Арсаев, жазасын өтеуші:
-Өзіңді кітаптағы бас кейіпкерлердің өмірінен өткізсең, қатты толқып, ойланады екенсің. Сөздік қор да молаяды. Пайдасы көп қой. Бостандыққа да ерте жіберіп қалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!