{metadescription}
Әлемге әйгілі Қарақия ойпаты қоқысқа толған – Маңғыстау облысы
Әлемге әйгілі Қарақия ойпаты қоқысқа толған – Маңғыстау облысы

Әлемге әйгілі Қарақия ойпаты қоқысқа толған – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысындағы Қарақия ойпаты қоқыс алаңына айналды. Тереңдігі әлемде бесінші орын алатын ойпатқа көлік дөңгелегі, жануарлар өлексесі, құрылыс материалдары мен мұнай өнімдері де төгілген.

Қарақия ойпаты мемлекеттің қарауындағы жер. Тереңдігі теңіз деңгейінен 132 метр төмен. Ойпат аумағында карантинге байланысты былтырдан бері тазалық жұмысы жүргізілмеген. Оған дейін еріктілер жылына бір-екі рет сенбілік өткізіп келген. Жауаптылар алдағы күндері табиғи аймақты қоқыстан тазартамыз деп уәде берді.

Бисенғали Кенжалиев  Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

-Осы уақытқа дейін санитарлық тазалық тек ауыл аумағында қамтылып келді. Биылдан бастап аудан аумағында осы мәселені бақылауға аламыз. Арнайылап тұрғын үй коммуналдық шаруашылығынан 70 миллион қаржы қарастырылды. Осы ауданның барлық аумағын қарап, тазалап отырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде