ҚТЖ: 1-наурыздан бастап теміржол билеті қымбаттайды
Биылғы көктемнің алғашқы күнінен Қазақстандағы теміржол билеті қымбаттайды. Жолаушылар тасымалы компаниясының хабарлауынша, барлық бағыттарға жол құны 7 пайызға өседі.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
18.01.2021
Мұның барлығы жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығынды ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады екен. Яғни жоспарлы түрде билет құны артып отырады. Оның есебіне жолаушылар тасымалымен айналысатын компания сервис пен санитарлық талапты жақсартуға міндетті. Мысалы, соңғы екі жылда ел ішінде қатынайтын бағыттарға 160-қа жуық жаңа вагон алынған. Оның үстіне 2021 жылдың бірінші тоқсанында тағы 50 вагон сатып алу жоспарда бар. Жолаушылар тасымалы компаниясы билет құны өскенімен, көрші елдермен салыстырғанда «Қазақстандағы пойызбен қатынау құны әлдеқайда арзан» деп, жолаушыларды жұбатып отыр.
Мәди Мұхамедқали, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:
-Қазақстан Республикасында жолаушылар тасымалының жол жүру құны көрші мемлекеттерге қарағанда, салыстырмалы түрде қарағанда төмен. Мәселен, Ресей Федерациясында билеттің орташа құны Қазақстанмен салыстырғанда 1,2 есеге жоғары, Өзбекстан және Украинада билет құны 1,2 есеге қымбат.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!