Нәрестені тоңазытқышқа салып өлтіру оқиғасына қатысы барлар сотталды – Атырау облысы
Нәрестені тірідей тоңазытқышқа салуды бұйырды деп айыпталған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы мен 4 дәрігерге қатысты сот үкімі шықты. Экс-бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев – 18, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан – 16, ал босану бөлімшесінің акушері Жәмиля Құлбатырова 15 жылға сотталды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
18.01.2021
Гүлмира Дәулетова, судья:
-Қуаныш Жолымбекұлы Нысанбаев жазаны ішінара қосу жолымен 18 жыл мерзімге бас босандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Нысанбаевтың жаза өтеу орны Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде белгіленсін. Нысанбаевқа қолданылған күзетпен ұстау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.
Сот процесі алты айға созылды. Әу баста перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы Қуаныш Нысанбаевқа 14 эпизод бойынша айып тағылған. Кейін жетеуге қысқарды. Мекеменің экс-бас дәрігері тоңазытқыштағы сәби өлімі мен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған еді. Енді оның кінәсі дәлелденіпті. Алайда сотталғандардың бәрі үкіммен келіспеді. Ал осы даулы дерекпен жауапқа тартылған неанатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваның 3 жылға бас бостандығы шектелді. Бұлар аса ауыр қылмысты көре тұра көз жұмғаны үшін жауапқа тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!