{metadescription}
Елордада меншік иелерінің бірлестігіне қатысты дау туды
Елордада меншік иелерінің бірлестігіне қатысты дау туды

Елордада меншік иелерінің бірлестігіне қатысты дау туды

Тұрғын үй кешенінің күтіміне таласып жатыр. Ел астанасындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер иелері кооперативін ығыстырып, жалған құжатпен меншік иелерінің бірлестігін құрмақшы болған тұрғын көршілерінің ашуына тиді.

Тұрғын үй қарым-қатынасы заңнамасындағы былтырғы өзгерістерге байланысты бұрынғы ПИК-терін меншік иелерінің бірлестігі алмастыруы тиіс. Нұр-Сұлтандағы «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жаңа ұйымның құрылғанына түбегейлі қарсы.

-Ал егер мына аязда апат болса ше? Бүкіл жүйе қатып қалады ғой! Тұрғындарды бала-шағасымен қайда апарамыз?

Құрылысының өзі әрең аяқталған көпқабатты, 700-дей пәтері бар кешеннің күтімін  жүзеге асыратын компанияның қызметіне 5-6 адамнан тұратын топ қана қарсы. Оны сотқа арыз жазып білдірген.

Былтырғы заңнамадағы өзгерістерге байланысты кооперативтерді меншік иелерінің бірлестігі 2022-жылға қарай толық алмастырады. Ал «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінде  қызмет көрсететін компания меншік иелерінің бірлестігі болып қайта тіркелейін десе, үстінен арыз жазғандар шаруаға қолбайлау болып отыр.

Марина Воронцова, «Орда-тазалық» ЖШС заңгері:

-Неліктен алты адамнан тұратын, бұған дейін қызмет ақысын мүлдем төлемеген тұрғындар үйдің күтіміне кедергі болуы тиіс? Біздің азаматтар барып шағымданбаған жер қалмаған шығар. Қызмет көрсетуші компания ретінде бұл үйді біз қалдырып кете аламыз. Бірақ мына кешендегі тұрғындардың басым көпшілігі тек біздің компанияның қызметіне жүгінгісі келеді, яғни таңдау жасау олардың конституциялық құқы.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде