{metadescription}
Допинг дауы: Нижат Рахимов жарыстардан уақытша шеттетілді
Допинг дауы: Нижат Рахимов жарыстардан уақытша шеттетілді

Допинг дауы: Нижат Рахимов жарыстардан уақытша шеттетілді

Өмір бойына спорттан шеттелуі мүмкін. Қазақстандық тағы бір зілтемірші Нижат Рахимов допинг дауына ілікті. Мән-жай анықталғанша спортшымыз барлық жарыстан уақытша шеттетілген.

Рио-де-Жанейродағы омипиадада алған алтынынан Рахимов айрыла ма, ол жағы әзірге белгісіз. Дегенмен дәл сол жарыстың алдында тапсырған анализіне қатысты сұрақ туындап отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, допинг ережесін қайта бұзғаны үшін ол ұзақ мерзімге спорттан шететтілуі ғажап емес. Себебі, 2013 жылы Әзірбайжан атынан өнер көрсетіп жүрген кезінде Рахимов рұқсат етілмеген препарат қолданды деген айыппен екі жыл бойы зілтемір көтеру құқығынан айырылған болатын.

Рахимов допинг дауына іліккен жалғыз қазақстандық ауыр атлет емес. Соңғы бірнеше олимпиадада алтын алған зілтеміршілеріміздің барлығы осылай допингпен ұсталып, медальдарын қайтарған болатын.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы:

-Осы оқиғаны тергеу кезеңінде Нижат Рахимов барлық спорттық іс-шара мен оқу-жаттығу жиынынан уақытша шеттетіледі. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы объективті тергеу жүргізуде Халықаралық тестілеу агенттігіне барлық қажет қолдау көрсетеді. Қажет болған жағдайда біздің атлетке құқықтық көмек көрсетіледі.                                           

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.