Қыметкерлерін қорлаған балабақша меңгерушісі жұмыстан қуылды – Шымкент
Шымкентте қызметкерлерін қорлап, ұжымын ұршықша үйірген балабақша меңгерушісі жұмыстан қуылды. «Еркеназ» балабақшасын тоғыз жыл басқарған Зина Молдақұлова денсаулығына байланысты қызметінен біржола кетуді жөн көріпті.
Автор: Бек Әбиев
19.01.2021
Перизат Бектаева, Шымкент қалалық білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы:
-Зерделеу жұмысы жүргізілетін болады. Арнайы комиссия құрылды. Бүгінгі таңда осы аталған балабақшаның меңгерушісі денсаулығына байланысты атқарып отырған лауазымынан міндетінен босатылды.
Мемлекеттік балабақшадағы былықты ата-аналар мен тәрбиешілер жайып салған. Мекеме басшысы қол астындағы қызметкерлерді балағаттап, тілі жетпесе жұдырықтап та жібереді екен. Тіпті меңгерушіден таяқ жеген бір қызметкер ауруханадан бір-ақ шыққан. Осы оқиғадан кейін тоғыз жыл басшы болған Зина Молдақұловаға барлық ұжым қарсы шығып, оларға ата-аналар да қосылған. Ал антисептик пен ойыншық алу үшін тәрбиешілер мен ата-аналар ақша жинайтын көрінеді. Қазір аталмыш дерек бойынша білім басқармасынан бөлек құзырлы орындар да тексеріс жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!