{metadescription}
Алматыда жалақыға жарымаған диспансер қызметкерлері шу көтерді
Алматыда жалақыға жарымаған диспансер қызметкерлері шу көтерді

Алматыда жалақыға жарымаған диспансер қызметкерлері шу көтерді

«Басшылыққа қыры жоқ бас дәрігер». Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансерінің қызметкерлері осылай шу көтерді. Наразы топтың айтуынша, мекеме басшысы карантин басталғалы қызметкерлердің көбін еш себепіз ақысыз еңбек демалысына жіберген.

Әсіресе, медбике, санитарлар мен асхана қызметкерлері бірнеше ай жалақысыз отырдық деп мұңын айтты. Бас дәрігер жағдайды бақылауға алмақ түгілі дөрекі сөйлеп, қызметтік этикаға жат әрекет көрсететін көрінеді. Жалақыға жарымай жүрген қызметкерлердің жанайқайы:

-Мінеки, ескі, кір-кір. Тоқтың бәрі салбырап тұр. Мына жақтың бәрінен суық ағады. Жағдай жоқ. Мына жер тастай суық.

Бұл әуесқой бейне түсірілімде Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансерінің ішкі ахуалы көрсетілген. Алайда мекеме алдына жиналған наразы топ ғимарттың суығынан гөрі, басшының бассыздығы  арқамызға аяздай батады деп мұң шағады. Олардың айтуынша, карантин басталғалы бас дәрігер білгенін істеп, қарамағындағыларды себепсіз ақысыз еңбек демалысқа жіберген.

Зәмзәгүл Жантөлекова, санитар:

-Наурыз айының 20-нан бастап маусымға дейін үйде отырдым. Карантин деп жіберді. Қыркүйекте демалысқа кеттім, қазанның жартысы, бүкіл қараша бойы ақысыз демалыста отырдым. Маған барасыз деген жоқ, «сіз ақысыз демалыстасыз» деді.

Назкен Мұқабаева, асхана қызметкері:

-Біз мамырдан бастап ақысыз жүрміз. Ешқандай арыз жазғызған жоқ. қарашаға дейін ақысыз отырдық. Заңсыз деп есептеймін. Өйткені заңгермен сөйлестік, кеңес алдық. Екі ортада келісім болу керек.

Әділдік іздегендер арасында медбике, санитарлар мен асхана қызметкерлері бар. Ақысыз еңбек демалысына кеткендердің көбі бас дәрігердің салғырт әрекетінен кезіндегі 42500 теңгеден қағылдық дейді. Жалақысы жырымдалған шағымданушылар басшыдан көрген құқайын айтып тауыса алмады. «Жетекшіміз қарапайым этиканы сақтамайды» деген олардың өкпесі қара қазандай.

Кәмшат Әшім, медбике:

-Біз деген күндіз істедік, бір айдан. Сол кезде үш медбикенің жұмысын атқардық. Санитаркалар болмады. Оларға түнге төленбеді. Олар күндіз келіп-кетіп жүрді. Не күзетші жоқ, не санитарка жоқ, жалғыз өзіміз 30 науқаспен қалып отырдық.

Роза Айтжанова, медбике:

-«Әй» деп, өте дөрекі сөйлейді. Этикадан жұрдай. Бұл кісіге ешқайсымыздың көңіліміз толмайды. Орнынан кетуін талап етеміз.

Ал қызметкерлері ұлардай шулап жатқанда басшыны орнынан таппадық. Талдықорғанға жол жүріп кеткенін телефон арқылы жеткізген бас дәрігер сұхбат беруге келіспеді.

Амалы таусылған топ бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұжымдық арыз жазыпты. Алайда бір ай бұрын ат басын бұрған арнайы комиссия өкілдерінен әлі хабар жоқ. Шарасыз қызметкерлер енді ақысыз еңбек демалысына кетіретін пәрмен тағы қайталанып, қудалауға түсеміз бе деп қауіптенеді.

Айгүл Сәлиева, кәсіподақ ұйымының төрайымы:

-Әр қызметкерден қолхат алды, кімнің қандай шағымы бар, бәрін алды. Содан  шешімі бір аптадан кейін шығады деді. Бірақ шешімін бізге ешкім ештеңе деп айтқан жоқ.

Комиссияның нақты шешімі әлі де жоқ. Дегенмен бүгінгі айқайдан соң облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері жұмыстан шеттетіліпті. Тексеру әлі жүріп жатқанын алға тартқан Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бұдан басқа ақпарат беруге құлықсыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде