{metadescription}
Автобус соққан келіншек тіл тартпай кетті – Алматы
Автобус соққан келіншек тіл тартпай кетті – Алматы

Автобус соққан келіншек тіл тартпай кетті – Алматы

Алматыда бір келіншекті автобус қағып өлтірді. Қатты зақым алған 47 жастағы тұрғын оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қайғылы жағдайдың себебін жүргізуші жолайрық астында қараңғы болып, әйелді байқамай қалғанымен түсіндірген.

Оқиға  Рысқұлов пен Емцова көшесінің қиылысында болған. № 81 бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндеуші құрылысы бітпеген жолайрықтың астында келіншекті  қағып кеткен. Тіпті қатты екпінмен соққаны сонша, әйел бірден көз жұмған. Кейбір куәгерлер жолды кесіп өтпек болған әйелдің бағдаршам арқылы бет алғанын айтады. Алайда полицейлер істің ақ-қарасы тергеуде анықталады дейді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

-Алған жарақаттарының салдарынан қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағымен тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот-медициналық, сот-автотехникалық сараптама. Бұл қайғылы оқиғаға алып келіп соқтырған факторлар міндетті түрде анықталатын болады.  Автобустың тізгінінде отырған жүргізуші қандай ережелерді бұзғаны да анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде