{metadescription}
Атырауда әскери бөлімнің жұмысшылары жалақысыз қалған
Атырауда әскери бөлімнің жұмысшылары жалақысыз қалған

Атырауда әскери бөлімнің жұмысшылары жалақысыз қалған

Атырауда әскери бөлімнің тазалығы мен жылуына жауапты жұмысшылар жалақысын даулап жүр. Өйткені тендерді ұтып алған компания былтырдан бері айлық жалақы, зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға ақша аударуды тоқтатқан.

Медет Битенов, Атырау қаласының тұрғыны:

-Ешқайсысына зейнетақы қорына аударып жатқан жоқ. Не сақтандыру полисі төленбеді. Емханаға қаралсақ, қызыл жанып тұр. Енді айлығымызды ала алмай жүрміз, тым құрығанда жалақымызды. Есеп айырысуымыз бар.  

Әскери бөлімдегі аула сыпырушы мен санитехник, жылу қазандығының операторларына жалақыны «Әскери құрылыс Астана» компаниясы төлеуге  тиіс. Бірақ ол мекеменің басшыларын жұмысшылары таба алмай жүр. Қазірдің өзінде компанияның жалақыға берешегі отыз миллионнан асыпты. Оны қашан өтейтінін директоры нақты айта алмайды. Себебі, есеп-шоттарын пайдалануға сот орындаушылары тыйым салған. Сондықтан әскери бөлімге биыл қызмет көрсетуді тоқтатыпты. Ал тендерді өзге компания ұтып, жұмысшылар сонда ауысқан. Қазір жалақыға қатысты дауға енді еңбек инспекторлары араласып, ақшасын алып береміз деп отыр.

Кемел Иманғалиев, Атырау облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

-Ұжымдық арыздарын алып, тіркетіп, сосын мекемеге тексеру тағайындаймыз. Берешек анықталған жағдайда мемлекеттік инспектормен нұсқама енгізіліп, заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде