{metadescription}
Мәжілістің алғашқы отырысында ұятқа қалды
Мәжілістің алғашқы отырысында ұятқа қалды

Мәжілістің алғашқы отырысында ұятқа қалды

Мәжіліс бүгін жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізді. Парламенттің төменгі палатасының құрамы 70 пайызға жаңарған. Ал жаңа келген депутаттар үкімет мүшелеріне қазірден-ақ депутаттық сауал жолдап жатыр. Бірақ су жаңа депутаттарға отырыс оңай болған жоқ.

Бірінші отырыста 12 бірдей заң жобасын қарауға тура келді. Арасында заң жобасына қайтіп дауыс берерін білмей ұятқа қалғандары да бар. Мәжілістің алғашқы отырысы қалай өтті?

Мәжілістің VII шақырылымына жаңа келген 75 депутаттың кейбірі мұндай жерге әлі бойы үйрене алмай жүргені анық сезілді. Талқыға түскен 12 заңның біріншісінде-ақ депутаттардың бірі нені басу керектігін білмей ұзақ күттірді.

-Онда қаулының жобасы сіздерде бар. Сол бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Бір депутат әлі дауыс бере алмай жүр. Шешім қабылданды.

Мәжілістің алдыңғы VI шақырылымнан қалғаны 32 депутат қана. Қалғаны депутат креслосына алғаш рет жайғасқандар. Сонысына қарамастан әлден-ақ министрлерге депутаттық сауалsy жаудырып жатыр. Мәселен, Жұлдыз Сүлейменова елдегі педагогтарды даярлау тәсілін өзгерту керек дейді.

Жұлдыз Сүлейменова, Мәжіліс депутаты:

-Педагогика мамандықтарындағы студенттердің теориялық білімін, педагогикалық методикамен ұштастыру мақсатында педагогикалық тәжірибені қазіргі таңда орын алып отырғандай, автономды негізде бір апта, екі апта, алты  апта емес, екі жылға, яғни 2, 3, 4-курстарда міндетті бірыңғай әрі үздіксіз педагогикалық тәжірибе енгізу мәселесін қарастыруды ұсынамыз.

Қазақстан халық партиясының депутаты Айбек Паяев сауалын тікелей Үкімет басшысының өзіне қойды. Мәжілісменнің елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне көңілі толмайды екен. Оған халықаралық сараптау ұйымының мәліметтерін келтірді. Онда талдауға түскен 56 мемлекеттің ішінде Қазақстан соңынан санағанда үшінші тұр. Бізден кейін тек Нигерия мен Өзбекстан.

Айбек Паяев, Мәжіліс депутаты:

-Қазақстанда номиналды ең төменгі жалақы өзгерген жоқ, 42500 теңге болып тұр. Бірақ сақтандыру сыйақыларының өсуіне байланысты нақты жалақы былтырғыдан төмендеді. Қазір 37 400 теңгені құрайды. Мысал ретінде айтатын болса, Украинада 27 пайызға, Польшада 9,8 пайызға, Беларуссияда 6,7 пайызға,  Ресейде 5,5 пайызға өсіп отыр. Бұл енді өздеріңіз көріп отырғандай, ешқандай сын көтермейді.

Паяевтың айтуынша, елімізде ең төменгі жалақы мөлшері кеміп бара жатқанда, азық-түлік себетінің құны 14 пайызға өскен. Паяевтің Мәминді сынайтын жөні бар. Өйткені сайлаудың алдында тап осы Қазақстан халық партиясының депутаттары Асқар Мәмин басқаратын үкіметті жұмысын атқара алмай отыр деп қатты сынға алған. Сөйтіп Мәминді қолдамайтындарып айтып, орнына осы Айбек Паяевті ұсынған. Бірақ онысы құр сөз күйінде қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде