Ковидтің ауыр түрінен айықтыруға қанша қаржы қажет?
Коронавирустың ауыр түрінен айықтыруға 800 мың теңгеден астам қаражат қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебі осындай. Жалпы пандемия уақытында қордан 187 миллиард теңге ақша жұмсалыпты.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
20.01.2021
Болат Төкежанов, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:
-Жуырдағы шешімге байланысты 2021 жылдың алғашқы жартысында да дәрігерлерге қор есебінен үстемақы төленеді. Оны алатындардың санаты мен қойылатын талаптары өзгеруі мүмкін. Әрине, ол жағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына былтыр 550 миллиард теңге түсіпті. Соның басым бөлігі тұрғындарға медициналық көмек ұсынуға жұмсалды дейді қордың төрағасы.
Айлығынан тұрақты түрде жарна жасап жүрген азаматтарға қор есебінен КВИ-ға қарсы екпе жасалмайды. Жалпы пандемия уақытында коронавируспен күреске 187 миллиард теңге жұмсалса, соның 110 миллиарды шамамен, 500 мың дәрігерге үстемақы ретінде аударылыпты. Ал 19 миллиард 7 миллион теңге ПТР-сынамаға жұмсалса, 54 миллард теңге КВИ жұқтырғандардың еміне қарастырылған екен. Осылайша қор төрағасы былтырғы есебін беріп, теңгенің шашауын шығармай мақсатты жұмсалғанын жеткізуге тырысты. Бірақ өзінің және орынбасарларының айлығын «комерциялық құпия» деп, айтқан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!