Елімізде коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт көбейді
Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 11 адам қайтыс болды. Оның 8-і ковид-19-дан көз жұмса, үшеуі коронавирус пневмониясының құрбаны болған. Осылайша елдегі эпидемиологиялық ахуал ушығып, вирус жұқтырғандардың да қатары күрт көбейіп кетті.
Автор: Мақсат Мәлік
20.01.2021
Өткен тәулікте 1 мың 134 жерлесіміз ковид-19-дың құрығына іліккен. Бұдан өзге 118 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Қатерлі инфекция белең алғалы 2 мың 431 науқас ковид-19-дан қайтыс болса, 545 сырқат қос өкпесі қысылып бақиға аттанған.
Жалпы елдегі жағдай күннен-күнге күрделеніп барады. Соңғы тәулікте Нұр-Сұлтан қаласының 198 тұрғыны вирус жұқтырыпты. Алматы қаласында 112, Павлодар облысында 151 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
Пандемия басталғалы елімізде коронвирус жұқтырғандардың саны 171 мыңнан асып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!