{metadescription}
Теплокоммуноэнерго» экологияны ластаған – Семей
Теплокоммуноэнерго» экологияны ластаған – Семей

Теплокоммуноэнерго» экологияны ластаған – Семей

Семейді жылумен қамтып отырған мекеменің экологияны ластағаны анықталды. Шаһардағы «Теплокоммуноэнерго» жылу қазандығынан улы зат қалыпты деңгейден 27 есеге көп бөлінген.

Қара күйеге көмілген жұрт «тынысымыз тарылды» деп, талай  мәрте шағымданған. Осыдан кейін жылу қазандықтарын тексерген экологтар қала орталығындағы қос қазандықтан қалдықтың көп бөлінетінін анықтапты. Бірінің сорғышы істен шықса, екіншісінің жылу қазандығы әбден тозып кеткен. Соның салдарынан экологияға 61 миллион  теңге шығын келген.  Алайда ауаны ластағандар бар-жоғы 15 миллион теңге айыппұлмен құтылды. «Мұндай жағдай қайталанбас үшін жылу қазандықтарын күрделі жөндеуден өткізу керек» - дейді облыстық экология департаментінің басшысы.

Данияр Әлиев, ШҚО экология департаментінің басшысы:

-Қазір іс-шаралар жоспарланып жатыр. Облыстық әкімшілікпен үлкен экспорттық комиссия құрылған. Сол нәтиже бойынша іс-шара жүргізіледі. Негізінде оған көп қаражат керек. Ол бюджеттік комиссияда қарастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде